Аспан әні – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Аспан әні» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.03.2022
  • 0
  • 0
  • 2014
Биікте жылылық та, нұр да басым,
табардай мәңгілікпен жыр жарасым.
Өртеген өн бойыңды отты дерттің
табарсың тек биіктен бір дауасын.
Бәріне көрінгеннің сен елтіме,
жіберме жігеріңді жел еркіне:
өртеніп кеткен көбі мықтылардың
шыдамай жан дертіне, жер өртіне.
Биікте — басқа мұрат, басқа жалын,
өресіз әуендердің таста бәрін.
Қатыгез тіршілікке сәуле сеуіп,
шырқа сен жүрегіңмен аспан әнін!
1984


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері