Туған күн – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Туған күн» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.03.2022
  • 0
  • 0
  • 4784
Туған күніңмен,
туған күніңмен!
Мейірлі үніңмен,
зейінді түріңмен,
жастықтың құрдасындай,
шаттықтың сырласындай,
жарқылдап арамызда
жүре бер жылда осылай!
Кездерін асқақтаған, абайлаған,
көргендей көңіл деген шарайнадан,
шыр етіп бұл өмірге келген күні
ойланып өткеніне қарайды адам:
нені ектің, не қалдырдың кілем — жерге,
қиянат жасадың ба біреулерге,
болмаса жылағанды жұбаттың ба,
жақтың ба жігер отын жүдеулерге?
1989


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері