Туған күн – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Туған күн» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.03.2022
  • 0
  • 0
  • 4649
Туған күніңмен,
туған күніңмен!
Мейірлі үніңмен,
зейінді түріңмен,
жастықтың құрдасындай,
шаттықтың сырласындай,
жарқылдап арамызда
жүре бер жылда осылай!
Кездерін асқақтаған, абайлаған,
көргендей көңіл деген шарайнадан,
шыр етіп бұл өмірге келген күні
ойланып өткеніне қарайды адам:
нені ектің, не қалдырдың кілем — жерге,
қиянат жасадың ба біреулерге,
болмаса жылағанды жұбаттың ба,
жақтың ба жігер отын жүдеулерге?
1989


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туған күн өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Туған күн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Туған күн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Туған күн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері