Мұқағали — мәңгілік жыр! – Мәдениетқызы Ардақ

Бұл бетте «Мұқағали — мәңгілік жыр!» атты Мәдениетқызы Ардақ жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Поэзия рухы болған әлемнің,
Үлгі тұтар ақыны бұл көп елдің.
Асылына айналған бар өнердің,
Мұқағали — тәңір тауы өлеңнің.

Ұлылығы болған талай ұлының,
Сан есігін ашқан өнер қырының.
Поэзияға арнаған бар ғұмырын,
Мақатаев — рухы биік тұғырым.

Бала шағын қиындықпен өткерген,
Оқтарды да көрді жауған көктерден.
Поэзияны іздеп асу беттерден,
Біздер үшін төкті маңдай көп терден.

Өлеңдерің ұрпағыңа дарысын,
Бір өзіңді барша әлем танысын.
Бұл халықтың жасы менен кәрісін,
Таң қалдырған мәңгілік жыр әнісің.

Қазағымды поэзиямен таныттың,
Қабағыңда болса дағы алып мұң.
Сәулесіндей Күннен жеткен жарықтың,
Мұқағали — өшпес жыры халықтың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мұқағали — мәңгілік жыр! өлеңінің авторы кім?

Мәдениетқызы Ардақ — осы өлеңнің авторы.

Мұқағали — мәңгілік жыр! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мұқағали — мәңгілік жыр! өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Мұқағали — мәңгілік жыр! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар