Ән-жырымның арқауысың, Анажан! – Мәдениетқызы Ардақ

Бұл бетте «Ән-жырымның арқауысың, Анажан!» атты Мәдениетқызы Ардақ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жарық қылған әрбір атқан күнімді,
Тыныш еткен мейіріммен түнімді.
Маған өмір сыйлаған жан Анашым,
Құтты болсын мерекеңіз бүгінгі!

Жүрегімді жарып шығып самғаған,
Бұл өлеңді бір өзіңе арнағам.
Ешқашан да мұңаймағын, жан ана,
Өзім барда өміріңді жалғаған.

Мына ғалам, қазіргі сәт — өзіңіз,
Өзіңізбен өмір көрген көзіміз.
Біздер үшін қымбат асыл тастан да,
Шын көңілмен айтқан әрбір сөзіңіз.

Бар бақытты тілер арнап балашың,
Біздер үшін орны бөлек дарасың.
Сегізінші кереметі әлемнің,
Ән-жырымның арқауысың, Анашым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ән-жырымның арқауысың, Анажан! өлеңінің авторы кім?

Мәдениетқызы Ардақ — осы өлеңнің авторы.

Ән-жырымның арқауысың, Анажан! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ән-жырымның арқауысың, Анажан! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мәдениетқызы Ардақ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ән-жырымның арқауысың, Анажан! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері