Бойдақтық жыры

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Ақылым көптен бері жүр қосылмай,
Айта алады қатемді кім жасырмай?
Ақыныңа бір келіншек тауып берші,
Шақуатым қойды ғой бір басылмай.

Таңдап жатар әйелді мен емеспін,
Кемшіліксіз болмайды себебі ешкім.
Парасатты келіншек болса болар,
Жасында мен оның елемеспін.

Бойдақтардың өмірі маған мәлім,
Қимылдаған әлбетте табар бағын.
Көп ұзамай жұбымды жолықтырсам,
Орындалар іштегі бар арманым.

Айналды ғой жолдассыз бас сыздарға,
Тартпай мүлдем тәбетім ас-тұздарға.
Қасымда келіншегім болса егер,
Қайтемін мен қырыңдап жас қыздарға?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бойдақтық жыры өлеңінің авторы кім?

Есбол Бозан Өтежанұлы — осы өлеңнің авторы.

Бойдақтық жыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Бойдақтық жыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Есбол Бозан Өтежанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бойдақтық жыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері