Қызғалдақ

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.03.2022
  • 0
  • 0
  • 1202
Ypімші, Құлжадан альбом-хаттар, жылы жырлар жолдаған ақын бауырларға арнаймын

Маған, міне, хат әкеліп балам жүр,
Ашып көрсем таңғажайып болам бip.
Онда менің алыстағы iнімнің
Отты жанын жарып шаққан балаң жыр.
Бұл дағы бip қызғалдақ қой бал-шырын,
Жерден алған, күннен алған жан сырын.
Балғын бойы мөлдіреген таза шық,
Ащы-қызғылт көз жасы емес жалшының.
Бұл дағы бip күнге өңін-боятқан,
Қызғалдақ қой, самал сипап оятқан.
Мұның таза денесінде демі жоқ
Шерлі шалдың ауыр-ауыр ой артқан.
Сүйіп көрем ондағы жас қаланың
Гүлге толы, нұрға толы алаңын,
Махаббатын маған сыйға ұсынған
Алатаудан қолым созып аламын.
Сүйіп көрем жаңа дала реңін,
Қиясында қиялыммен жүремін.
Сыйға сыйым, ұсынарым ұзаққа
Еш кінәсіз сәбиімдей жүрегім.
...Жер бусанып, күннің көзі қызғанда-ақ
Mәңгi жастық қабылдаған қызғалдақ!
Сүттен таза, оттан қызыл денеңнен
Қай періштe өз құшағын қызғанбақ?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызғалдақ өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Қызғалдақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Қызғалдақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қызғалдақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері