Таланттан сыйын тағы алсын

Бұл бетте «Таланттан сыйын тағы алсын» атты Хамит Ерғалиев жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 17.03.2022
  • 0
  • 0
  • 734
Ойласам бip сәт оңаша,
Көп жылдың жырын жырлаппыз.
Қашан да біздер жаңаша
Мезгілге демеу, жұрнақпыз.
Жырланды жоқтық,
таршылық.
Күрестен туған дос-жарлар;
Қайғыдан адам аршылып,
Хикая болды жоспарлар.
Соқа мен қайла, зеңбірек
Қалған жоқ артта өлеңсіз;
Жапанда жалау желбіреп,
Жанданды белес-бел елсіз.
Ойласам бip сәт оңаша,
Көп жылдың жырын толғаппыз,
Арманға біздер жаңаша
Көңілдің күйін жалғаппыз.
Жырлаймыз ені бақыттың
Биылғы биік тұлғасын.
Коммунисттік уақытты
Ақындар асқақ толғасын!
Космосқа қарай зымырап
Жолаушы барған жолымдай,
Ендігі ғұмыр ғұмыр-ақ,
Шолпаннан жарық ол ыңғай.
Артықша биыл дәуір бар
Бағына барша тараптың.
Жырлайық жолын, бауырлар,
Қабілет, ақыл, талаптың.
Ажал мен апат жоғалсын
Адамның көзін жұмарлық!
Таланттан сыйын тағы алсын
Өмipгe деген құмарлық!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таланттан сыйын тағы алсын өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Таланттан сыйын тағы алсын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таланттан сыйын тағы алсын өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Таланттан сыйын тағы алсын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері