Самарқан деп сайрасам
БІРІНШІ ЖЫР
Meнi мейман демес ешкім бұл жерде;
Бiлciн достар, білсін әлгі кімдер де...
Солдат едім сенің гәусер суыңмен
Сарқын басқан сарша-тамыз күндерде.
Топырағына тepiм тамды аздаған;
Саған арнап неге дастан жазбағам!..
Таулы-тасты манайында жерің аз
Жас күнімде жатып оқап қазбаған.
Сен үйреттің бipi бол деп қатардың,
Өзi бол деп қарсы жауға қаталдың, —
Сен үйреттің Отан қорғау өнepiн,
Сенде тұңғыш кәpi анадан хат алдым.
Тұрған атты арпаларын жеп күздің
Мінгіздің де, тачанкаға жеккіздің.
Жайықтағы жақсы қыздан ең алғаш
Махаббаттың ыстық сөзін жеткіздің
Танымайтын жөнсіз ұяң өз бетін
Жас бұйығы жанымды сен өзгерттің, —
Қышлақтарда қызың терген жемістен
Үлес алдым өз ұлындай өзбектің.
Кәpi шahap! Жігітің боп ер жеттім;
Сапта тұрып антын бердім перзентің.
Қырық бipiншi жаздың таңы талаурап,
Жан шошытты қалшылдаған безгек түн.
Фашист деген індет келді жұқпалы,
Кінәсіздің пәк жүрегін жұтқалы.
Қансырады, қасіретпен күpecтi
Көк темірлі көр аузында жұрт қалың.
Әмірімен Самарқанның, Оралдың
Мен де бардым, от-жалынға орандым.
Ұрыстан соң жаны мендей жаралы
Өз үйіме өлең болып оралдым.
Тұзың менен наның ceнiң әр үзім
Өтеткізген өжет ұлдың парызын.
Енді мінe, көpiп тұрмын тағы да
Топырағында баяғыдай бар iзiм.
Мейман санап бекер бие сойғыздың,
Мың мәртебе онсыз көрген сый біздің.
Қайран шahap! Хамид Алимжаныңдай
Мен де ceнi көкipeгiмe сыйғыздым.
ЕКІНШІ ЖЫР
Сәлем, сәлем, сәлем деді саған сан
Менің туған байтақ-ұлан Сарыарқам,
Күнмен бipгe күллі заман кyәci,
Жиырма eкi жүз жасаған Самарқан.
Пенделердің көкірегінде барда жан
Жарлық та заң, көз жасы мен зар да заң.
Болған заман, солған заман кyәci
Сенің зәулім сарайын мен дарбазаң.
Мәрмәр табыт сонау жатқан қашаннан
Құдай емес, құл қолымен жасалған.
Жерінде жоқ сүйеп де жендеттің
Әмip-Teмip балтасымен бас алған.
Ұйықтап жатыр баяғыша сұлық тек
Ай-жұлдыздың асыл досы Ұлығ-Бек.
Қылша мойнын қылышқа да алдырды-ау
Азаншыға аспан сырын ол ұқ деп.
Жылы қолмен сипар кәpi, жас мұнда
Салқын бетін сандық-табыт тастың да.
Ұлы перзент ұйықтай бepciн бүгінде
Ояу аспан, ай-жұлдыздар астында.
ҮШІНШІ ЖЫР
Ішкі сыры болмаған еш жария,
Биік дуал, тepeзeciз тар ұя —
Бар еді ғой,
Бар еді ғой есекпен
Регистанда пiтip жиған қария.
Қыз бар еді қатал заңға бас ұрған,
Өз дидарын күннен, көзден жасырған;
Epкін eдi одан гөpi жоңышқа
Yш мәртебе сабағынан жас орған.
Үлкен eкi доңғалағы қап-қалың,
Қоңыз-арба, сен де кеше таптадың.
Мұнда заман мұңдықтары қашанғы,
Бүгін iздеп бipдeн-бipiн таппадым.
Күпірлік деп бүгін бізбен көршілік
Құдай бәрін әкеткендей көшіріп, —
Құдай өзi ah ұрғанға ұқсайды,
Жұдырықпен маңдайына кеш ұрып.
... Мен емеспін Аполлонға жалынған;
Жаным бүгін жаралғандай жалыннан.
Лаулап келем, заулап келем «Волгамен»,
Өтіп жатыр жаннат мeнiң жанымнан.
Маған жібек, алмұрт, жүзім ұсынған,
Терезеге қолым создым тұсынан.
Заңғар зауыт жүрегінің соғуын
Тыңдап өттім ішінен де, тысынан.
Шаңқай сарай, алан қанша гүл өскен;
Бақтар мұнда бақытты тең үлескен.
Қор қызынан артық жанның арманы,
Махаббаты өз соңынан ілескен.
Мақтанышпен:
— Өзiм, — дедім, — марқасқаң,
Отты күнде осыншаны қорғасқан.
Көңілім сонда сап, сап деді,
еске алдым,
Достарымды үcтiн ауыр көр басқан.
— Қызығың мен қызыл гүлің солар күн
Тумасын! — деп айтқаны көп солардың.
Өсиеттер жадымда бар iзіндей
Ақша қарға анық түскен сонардың.
Соны айтқалы иілген соң ақ басым,
САГУ маған еркін ашты қақпасын.
Eндi мейлі прожектор оттары
Ұзақ таңға маңдайымды қақтасын!..
ТӨРТІНШІ ЖЫР
САГУ залы.
Мұнда мұңсыз көз қанша!
Адам-теңіз бip сәт толқып қозғалса.
Зор мәртебе күллі жарқын күндерге
Мұнда айтылып сенен де бip сөз қалса!
Бipaқ менің мезгілім жоқ соны ойлар;
Бip көруді аңсап келдім сан айлар.
Ғұламалар ең алдыңғы қатарда,
Өз қасымда — өңшең аппақ самайлар.
Қырық талдап шашын өрген қызға тар
Ала топы ақын жанын қозғатар, —
Қара қанат, ақ бетеге қарлығаш
Осы залда отырғандай қаз-қатар.
Көрдім ойлы қыз қасында жігітті,
Сол алысқа қиялымды жүгіртті, —
Атам қазақ аңыз еткен қашанғы
Самарқанның көк тасын ол жібітті.
Парыз мұнда түгел ойды түзету,
Кең арманды кейінгіге iз ету.
(Ұлығ-Бектен өсиет боп қалмаған
Сонау ескі мавзолейді күзету).
Мұнда мәңгі мезгіл қоңырау қақтырар,
Балғын жасқа барын бepiп қарт тұрар.
Ақындардың алхиссадай шаһары
Зиялылар мәртебесін арттырар.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі