Өлең, жыр, ақындар

Шопан туралы монолог

  • 17.03.2022
  • 0
  • 0
  • 468
I
Шопан жанын жөнім бар ұғынатын,
Ардақтаймыз бiз оның бүгін атын.
Сол бейнеткеш адамның әлі талай
Паналайды күндер мен ығына түн.
Шопан жайлы сөзім бар айтар әлі,
Одан маған не қилы ой тарады:
Көк дөңдегі баяғы бабасының
Күмбезінен қойды кеш қайтарады.
Қиял сонда сан келіп, сан кетеді,
Ақыл-сана жинауға дәндетеді
Бабасындай баяғы құлазымай,
Ашық күнде ақырын әндетеді
Асықпайды, тұғырын ілбітеді,
Төңірекке сол кезде тіл бітеді
Сай мен сала, жон, төбе, қия жартас —
Барлығынан бір жауап бұл күтеді
Бұған сырын құм, тастақ, саз айтады,
Келер қыстың кескінін жаз айтады.
Кейде солар көңілін шарықтатып,
Кейде мұның шаттығын азайтады.
Қой үpкіce, сезімін бүлдіреді
Жапалақ та жай сәтте күлдіреді
Бұған теңер бұлт жоқта көзден бетер
Жылы қарап жырақта күн жүреді
Eкi мезгіл одан соң eгeceдi,
Ақ түтіні ауылдың тік өседі.
Жамыраған базары жазғы кештің
Күннің күрең шапағын түгеседі
Үлкен, кiшi — сол үйдің баршалары
Даңғазасын даланың қарсы алады.
Ізгі жардың іңірде жаққан оты
Мен мұндалап аулаққа жар салады.
Аспан ашық, жұлдыздар айқын елі,
Түннің сыры өзінше айтылады...
Жаз даласы жайғасып ұйықтағанда
Күзетшіні күзетіп ай тұрады.
Жайбарақат саулығы, төл, iceгi...
Сақ төбеттер сай жақта көріседі
Шопан кітап оқиды, шам жарықта
Көбелектер көп сырды бөліседі.
Keзiп болған ылди мен қыр, беткейді,
Көбелек те құр келіп, құр кетпейді.
Олар дағы шопанның сезіміндей
Жанып тұрған жарықты құрметтеді.
Күйдірсе де жарыққа құмартады,
Онсыз жерде көз алды мұнартады.
Ең кішкене осыны елемесе
Шопан жаны өзіне мін артады.
Болмашы даңқ керексіз боямалы...
Адам қалай намыстан аянады?..
Қайран қиял, ойшылдық, сергек сезім!..
Таңмен бipгe тағы сол оянады.

II
Жаз да біттi жаңбырлы, аңызақты,
Күз жұғымды шөбімен маңыз атты.
Бүкіл семіз, арықты бүрсеңдетіп,
Қыс келді де, мерзімін таң ұзартты.
Ал басталды ақ жынды кәpi бұрқақ,
Батыр деген жүрегің әpi қорқақ.
Піл болсаң да ақпанның қақпанымен
Дозағына түсерің бәpiбip қақ.
Осы тұста баз бipey ұсақтайды,
Нағыз адам парызын үш ақтайды.
Мақтаушының бipi жоқ маңайында,
Жалғыз шопан құйынды құшақтайды.
Жаз қарайтқан бетінен қан шығара
Аямай-ақ қабады қаншық аяз.
Қарашығын көзінің қарып, сорып,
Көк тұрады қақырап, қансымай аз.
Шопан ғана желкелеп кәpi жұтты
Жеңсе, таяқ қуатты әpi құтты.
Түтегеннің iшіндe түк көрінбей,
Баққан бақыт жоғалса, бәpi бiттi.
Баққан шіркін бақыттың eceндігін
Қорғамасаң, әперер есеңді кiм?..
Білім жоқта сол бақыт білгізбейді
Бөтендігін өзінің не сендігін...
Терең ұтып тапқандай жар асылын,
Термек парыз өмірдің жаңа сырын:
Жазғы шам мен қысқы пеш жарығында
Оқылатын кітабың —
жан ашырың.
Сол дос eдi баяғы соғыста да,
Онсыз ғалым, көміршi, жоқ ұста да.
Онсыз, cipә, ойлама бақыт бар деп,
Онсыз отпен ойнама, шоқ ұстама!
Қой шетінде қойып бос күбінгенін,
Осыны ұққан iнiм бар бүгін менің.
Маған таза мақтаныш ақ басыммен
Соның барып алдына жүгінгенім.
Содан менің жүрегім жол сұрады,
Көкірекке сол шабыт толтырады.
Төрт маусымың көтepiп төбесіне,
Қайда барсам, алдымда сол тұрады.
Ал, осымен өлеңді доғаралық,
Бітті сезім бip ауыз мағыналық:
Күн мен айдың,
жел-құздың жетекшісі
Деген атақ сыйладым оған анық.
Шопан жанын жөнім бар ұғынатын,
Ардақтаймыз бiз оның бүгін атын.
Сол бейнеткеш адамның әлі талай
Паналайды күндер мен ығына түн.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Талдықорған сулары

  • 0
  • 0

Ағысы өжет те дарқан
Өсекке үш дүркін барғам,
Көркіне көзім қаныққан.
Жә тұтас өлшеп көрсең де,

Толық

Жаратылған кісіліктен

  • 0
  • 0

Бәйкеңді —
Әшімұлын сексендегі
Айтсам мен түсінікпен тек сендегі,
Болған ол Ел ағасы белді бедел

Толық

Есболат қытайда жүр

  • 0
  • 0

Таң ата көрсем ғажайып
Тау жақтағы терезем.
Тау әжімі азайып,
Жасарыпты жер, өзен.

Толық

Қарап көріңіз