Жоғарыға жол кетті

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 19.03.2022
  • 0
  • 0
  • 719
Қайта бip сәт көтерілмей кезеңге,
Құздан қулау дағды емес пе өзенге...
Айғай-шулы дария тасып төменнен,
Өрлеп әсте барған емес өзi елге.
Вахш мәңгі сол сапарын доғарып,
Нүрек тауда жолға шықты жоғары.
Аян оның ақ жалынды жүрегі
Әлсіремей, адам үшін соғары!..
Өтеу бұ да өткен заман шеріне,
Қан-сөліне, қайран маңдай теріңe! —
Hұp тарайды Нүрек ГЭС-тен осынау
Орта Азия жұрттарының жеріне.
Нурек ГЭС-те беріспейді айға күн,
Алып қимыл анық соған айғағым.
Білсең, бұ да бақ жұлдызға бөлейді,
Біздің түстік Қазақстан аймағын.
Одан алтын шапақ кетер аспандап,
Ертең саусақ бip нүктені басқанда-ақ.
Бұл күндерде жасап жатыр Вахш та
Жоғарыдан жоғарыға баспалдақ!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жоғарыға жол кетті өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Жоғарыға жол кетті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жоғарыға жол кетті өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жоғарыға жол кетті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері