Өлең, жыр, ақындар

Химия хикаясы

  • 19.03.2022
  • 0
  • 0
  • 710
I
Өр қиялды өңкей асыл,
Білімпаздар, оқыңдар!
Химияның хикаясын
Жазып жатыр ақындар!
Онда да бар ауа, жер, су
Жынысынан epтіндi.
Ақынның да заңы — өршу
Бұрынғыдан серпінді.

ІІ
Бұрын да жыр жатпай бұғып,
«Мұз еріткен темірден».
Өлi тауды өзінше ұғып,
Tiл бiтep деп телмірген.
Жады соққан адам — жансыз
Жартас болып мелшиген.
Сол жырды да демей мәнсіз,
Тыңдағанда, мен сүйгем.
«Топырақтан торқа тоқып,
Аяулыға кигізген».
Жыр толғанса, түндер оқып,
Бip санаға түйгізем.
Шүйкесі жоқ жеңешеме
Желден арқан ecтipiп,
Ақын өттi. Eмic-eмic,
Соны білдім, ес кipiп...
Ақын ғана «бұлт жаумаса,
От-қамшымен тілетін».
Жегіш байды жұт жауласа,
Жерге қарап күлетін.
Жылан жалап жылтыратқан
Әкті де ақын аяғыш.
Күйген солай бұл тұрақта
«Мыс қазандай» баяғы iш!..

ІІІ
Қарт ақынның, мысалы сол,
«Мыс қазаны» бос қалды, —
Химияның қуаты мол
Хикаясы басталды.
Тың, тыңайған eгін, баумен
Жаз төсегін жаңғыртты.
Ақтау, Көктау, Қаратау мен
Жауыртауға жан біттi.
Қол асты да көне жұмбақ
Kөкipeгiн ашқылап,
Шыға келді заты қымбат —
Заты бөлек «тас бұлақ».
Жер адамша жатыр сөйлеп,
Сан eciмi шұбаған!..
Kөмip, ауа — бәpi көйлек,
Бәpi тағам — сыбағаң!..
Керек емес кенді санау,
Жердің біздік жынысы!..
Бұл ұрпақтың енді сонау
Жұлдызда бар жұмысы!..
Ата-бабаң айтқан зар қып
Арманнан бұл кем ic пе?
Ақынды өмip өрден арғы
Алып шықты кеңіске!..

IV
Иә, солай!.. Жыр өзгерді,
Өмip — ырғақ, өлшемі...
Жаншып бөтен мінездерді,
Қорғап бағар ол сені!..
Химияның айбыны асқан
Жақсы лаборанттарын —
Ардақтаудан айнымасқа
Жырдың да бар анттары.
Түндерді де ояу, сергек,
Күндізгідей зерттейміз.
Жанға жарқын бояу бермек,
Өзімізгe серт! — дейміз.
Өр қиялды өңшең асыл,
Білімпаздар, оқыңдар! —
Химияның хикаясын
Жазып жатыр ақындар!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Талайғы бойын мүк басқан...

  • 0
  • 0

Талайғы бойын мүк басқан
Табаны жұмыр жұп тастан,
Жаншылмай шығып жатырсың,
Үстіңе қылау жұқпастан.

Толық

Өз отаным

  • 0
  • 0

Қалай Ата бола алған Ата кісі?
Бізден соның артық па атақ, ici?
Оны ойламай, қуанам бipey мені
Келіп тұрса аға деп атағысы.

Толық

Орынсыз опық

  • 0
  • 0

Бәрі ұйқыда тоған, дала,
Тыныш екен түн, дача.
Айтарым бар саған, бала,
Балам, мені тыңдашы!

Толық

Қарап көріңіз