Жезқазған жыры

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 19.03.2022
  • 0
  • 0
  • 492
Бұл өлкеде жерлерім аз баспаған
Су сапарын бұл өлкеден бастағам.
Бұл өлкенің әусімен ұшсам да,
Көз қиығын көктен жерге тастағам.
Жер белмен заулап, жүйткіп үйренгем,
Бәріне де некелідей үйленгем:
Аспан, жер, су — бәpi менің жарымдай,
Ертелі - кеш eciк қағып үйге енген.
Енді міне, жезді жердің астында
Менің iзiм таңба салды тас, құмға.
Өзім түгіл сезіп-ақ тұр ұлтаным
Бордан бетер босағанын тастың да.
Жер астының аспаны бар төбемде,
Ал мен содан бip шақырым төменде.
Өлеі — тасқын. Оны жарық дүниеге
Kөшiп жатқан жез орнына төгем бе?
Жоқ! Сарқылмас байлығыммен өлең тең,
Мен де соны келешекке жөнелтем.
Мен тынғанда, жер бетінде жарқылдап
Жез бен жырым бipгe жүрсе жөн ертең.
Талай ұрпақ басталар да, тыйылар,
Замандардың заңды сондай күйі бар.
Ал металдар жырға сepiк болам деп,
Неше дүркін балқып қайта құйылар.
Екеуіне тисең қapғaп-ciлeймiн,
Екеуіне ауыр жүкті үлеймін.
Eкeyiн де кідіртуге болмайды,
Eкeyiнe бақытты жол тілеймін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жезқазған жыры өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Жезқазған жыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жезқазған жыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жезқазған жыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар