Бұлттар – Хамит Ерғалиев

Бұл бетте «Бұлттар» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.03.2022
  • 0
  • 0
  • 1450
Күн төбеден асқанда
Бұлт болады бозарған.
Бұлт болады аспанда
Күн батарда қызарған.
Жақындағы қоңыр бұлт,
Алыстағы ақша бұлт,
Жерге жауса, өмip бұл:
Дала — шалғын, бақша — гүл.
Тазартам деп ауаны,
Тазартам деп көшені,
Бұлт кейде жай ауады,
Кейде жылдам көшеді.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері