Өлең, жыр, ақындар

Бақытың ғой

  • 20.03.2022
  • 0
  • 0
  • 458
Cүйіктi анам Бағдагүлге

Жарықтығым!.. Әлдеқашан өлсең де,
Сенен кейін өз бетімше өнсем де,
Жүрегімде жүресің де қоясың, —
Жүpeгiмнiң өлең-жыры бол сен де!

Бірінші өлең
Сүткенжеңнің шаттығы мен қайғысын
Басқалардан бұрын сезген байғұсым! —
Бақытын ғой! — деуші едің-ау
көктемнің
Шаңыраққа келіп қонған жай құсын.
Қуанушы ең,
Түнде жанған жаяу шам
Түбінде мен «бор-сияға» боялсам...
— Бақытың ғой! — деуші едің-ау
түсімде
Лапылдаған өpттi кешіп оянсам.
Бар жақсылық менікi еді-ау, сеніңше,
Шаттық үшін тудым десем сенуші ең;
Киімдерім «киелі» еді-ау киіктің
Төрдегі төрт мүйізіне сен ілсең.
Киім қайда, бақ жандырғыш түс қайда,
Өңімізде аян берген құс қайда?..
Қалдың, бәрің қан майданға жөнелтіп,
Хаттар күтіп ала жаздай, қыстай да.
Ұйқы, күлкi, өң-түсің де бұзылған;
Жайнамазың жатты төрде ұзыннан.
Мен үшін-ау барлығы да!.. Мен үшін
Тамағыңнан өтпепті ғой үзім нан.
Жаралансам,
Тоқтай жаздап жүрегің,
Бip мен үшiн жүз мәртебе жүдедің.
Енді ойласам, жаман жылда, жарықтық,
Жүрегіңе неткен ауыр жүк едім?!.
Ал мен деген — тентек ұлан емес пе,
Атой салған айғай-сүрең егесте?! —
Серт жолында өлсем өлем деп жүріп,
Ceнің қайғың болмапты ғой тегі есте.
Баяғы бip бейбіт күнгі арайлы
Cypeтің бар; сол да маған жарайды:
Партбилет ашып көрсем,
көздерің:
— Бақытың ғой! — деп жымия қарайды.
Уа, дариға!.. Сонда біздің арғымақ
Қанды шептен өткен талай қарғып-ақ!
Сенен туғам!.. Жарылмаса сен үшін
Қайран жүрек қайда бекер қаңғымақ?!
Мен кешсем де сол соғыстың дозағын,
Сен тартып ең ауыр жылдар азабын.
Сол тарихты жырласын деп қалдырған
Ұлы жеңіс мына мендей қазағын!
Eкінші өлең
Сүткенженің шаттығы мен қайғысын
Басқалардан бұрын сезген байғұсым!
Қантөгіске қарсы қойдық бiз бүгін
Жердің күшін, күннің күшін, ай күшін.
Қантөгіске ақыл-ойдың пәрменін
Қарсы қойған байтақ елім бар менің.
Сонда дағы зауқы, заңы белгілі
Ала-құла әлемдегі әр ненің...
Сақтық керек!.. Менен туған үш ұлан —
Үш қыраным — тас қияға ұшырам!
Yш офицер махаббатын, ақ мама,
Рауандай рухына ұсынам!
Қызметінен демалысқа келгенде
Олар ceнi әсте менен бөлген бе?! —
Мұратыңның мұpaгepi болған соң,
Олар ceнi санамайды өлгенге.
Сенсің рас өніп тұрған өріктей;
Суретің де бізгe тipi серіктей: —
Бақытың ғой!—дегендей-ақ көздерің
Шаршы төрден күлімдейді зерікпей.
Қайран шеше!
Жымиғанын зерікпей
Kімдi қойған елжіретпей, ерітпей?!
Әлі көптей бip өзіңе сыйлығым!
Бар жақсылық — өз қолымда еріктей!..
Kөкірегімнің басқа жаққа көшпейтін
Тұрғынысың — қарызым жоқ кеш дейтін.
Жарықтығым, бағыштадым басыңа
Өз отымды, оңайлықпен өшпейтін!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жігіт ойы

  • 0
  • 0

Көктеген жоқ жібіп түз;
Ыстық тартты бipaқ та,—
Ылғи мұнда жігіт, қыз
Жиналғалы бip апта.

Толық

Үлкен үйге

  • 0
  • 0

Ыстық тартып күнде кipген
Өз үйімдей көзімде
Бip бейне тұр жастай көрген —
Әлде сенің өзің бе?

Толық

Алтын күзде атбасар

  • 0
  • 0

Атбасар барсаң аулаққа
Тозаңы дайым толқындап.
Алаңда, күллі аумақта
Жатады жері солқылдап.

Толық

Қарап көріңіз