Өлең, жыр, ақындар

Орақ үстінде

  • 20.03.2022
  • 0
  • 0
  • 678
Қырманда қызып, күн қауышады,
Дегбірсіз мезгіл түнге ауысады;
Түні де ширақ, дәулеті тасып,
Сағат, минутын тауысады.
Қырманда қызып, шаң да тұншығады,
Жел-құз да шаршап тыншығады.
Машина фары сөнер-сөнбесте
Қайтадан қауырт күн шығады.
Қырманда заттың сыры тұрады, —
Әрненің қатал сыны туады:
Бетон майысса, белін түзетіп,
Темip қызса да, суытылады.
Қырманда қыр да біршамалы
Қозғалып жатып бусанады;
Бәpi де мұнда кезекпе-кезек
Ауыр жұмыстан босанады.
Жалғыз-ақ адам өз орнында
Бәрінен шырқап озар мұнда.
Түнге де күнге демейді адам:
«Қарауыттың ба, бозардың ба?!»
Тәулік тәңірі өзi болғасын,
Мезгілден шырқап озып алғасын,
Аптаға айлық күш бітіреді;
Ақын осыған сөзін арнасын!
Kәдімгi зеңгір тау салмағын,
Дақылмен өлшеп тауыса алмадым! —
Демек те адам, үстеп шығармақ
Тарих пен жеңіс табысар жағын...
Тарихтар атты көштің аңсаған,
Ой-қиял атты құстың аңсаған —
Қырманы осы, құдыреті күшті
Басымды ием, күшті нан, саған!
Күшті нан!
Тек сен өмipгe нұрсың!
Нансыздардың қансыз тірлігі құрсын!
Күшті нан, күллі жүрек қанымсың,
Қызуым сенсің!
Мен сенің жыршың!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қайтсін-ау...

  • 0
  • 0

Асаулық бесті атқа жарасқан
Құрыққа құл болып кермесе.
Оған да тағдыр жоқ қарасқан,
Құлағын жұлғыштай бермесе.

Толық

Сонеттер

  • 0
  • 0

Мен үшін киелі едің дала неткен,
Оба да түзде соқпай жанап өткен.
Құрсақтан құм үстіне түскен екем
Қазанда қызыл шақа жалаң етпен.

Толық

Қиын өткен қызығым-ай!

  • 0
  • 0

Досқа — дос, қас бipeyгe «бұзығын-ай!.
Дeгiзiп қиын өткен қызығым-ай!..
Байқасам, бipi қашып, бipi қуған
Өмірдің жазы — түлкі, күзі — құмай.

Толық

Қарап көріңіз