Өлең, жыр, ақындар

Ішкі монолог

  • 20.03.2022
  • 0
  • 0
  • 955
Тұлпар-тұлпар қашанғы даласында,
Еш көнерген сыр да жоқ дәл осында.
Дала, тұлпар өзгерсе адамдарша,
Сол жалған деп таласа аласың ба?!.
Жоқ, таласпақ жөн емес ақылдыға,
Қоспа оларды жұпыны, ақырғыға;
Кеңістік пен жүйткіген жүйрік тірлік
Өлсе, оқып жарытпас ақын дұға...
Тұрса олардың бipi арып, бipi қурап,
Сен солардан сөнер ең бұрынырақ...
Тың өлкеден ақын мен күн көзінің
Epiп жатқан жыры — жыр,
нұры — нұр-ақ.
Mәyeci мол бақ село, гүл қалалы,
Даңқы кеткен әлемге бұл даланы
Кеңейттік біз мың мәрте,
Сол кеңісте,
Жылда шауып жүйріктер жүлде алады.
Құт дарытып iзінe қадамдары,
Жарқырайды жұлдызды адамдары.
Бұлт бұлардың көктегі қызметшісі,
Шырқап бұлар шығып жүр одан да әрі.
Жасаңғырап даланың жаны ұзаққа,
Сарқын басса сағым да, аңызақ та,
Ойлайықшы, осында түз бен тұлпар
Бізбен бipгe жетілген заңы жоқ па?!
Мұң даладан жаратып тың даланы,
Ақыл-ой, тер, қанмен де тым бағалы.
Батпадық де, — бұл шаққа,
болашаққа,
Болашақта сондай сөз тыңдалады.
Шындық, cөзi бағалы бүгінге де,
Қысыр философияға жүгінбе де,
Арқаланып тарта бер ақиқатты —
Осы менің ең қымбат жүгімде де!
Мұрат сыры өзіңде, міне, халық,
Тың тойына жиналды.
Мұны ұғалық:
Ел-жұрт түгел кернейді кең мекенді,
Тұлпарына заманның мініп алып!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жоғарыға жол кетті

  • 0
  • 0

Қайта бip сәт көтерілмей кезеңге,
Құздан қулау дағды емес пе өзенге...
Айғай-шулы дария тасып төменнен,
Өрлеп әсте барған емес өзi елге.

Толық

Бұл мақсат тек бұзақыда жоқ шығар

  • 0
  • 0

Ойда отырып, қырдан күтем бip хабар.
Селден бетер буырқанып бұрқанар.
Қырда отырып, ойдан күтем бip хабар
Әннен бетер өрлеп шыңға шырқалар.

Толық

Фабрикада туған ой

  • 0
  • 0

Көзайым мұнда қыздар кілең
Жаумыт, теке, торқа кілем
Тоқиды екен әрқашан.
Сұлулық пен apғa шаң

Толық

Қарап көріңіз