Өлең, жыр, ақындар

Былтырғыдан басқаша

  • 20.03.2022
  • 0
  • 0
  • 538
Күн тәулікте бip-aқ мәрте таң атса,
Бip мәрте жыл күз нәciбiн таратса,
Заң еді сол.
Заң еді сол адамды
Ана құрсақ бip-aқ рет жаратса.
Өз өлкемнің миллиардын жыл сайын,
Көре-көре, жыршы күнім, жыршы айым.
Қиялыма жазып жатыр жаңа заң,
Қиялымды жаңа заңға жұмсайын.
Алып тұлға аспаныммен астаса
Келді тағы!
Келді бізбен бас қоса.
Ей, жүрегім, не ceбeптi қуанам
Жылда-жылда былтырғыдан басқаша?
Саған ылғи нан беретін асхана,
Яки бойға қан беретін асхана
Өзгерді ме?
Әлде сенің түбінде
Түнеп жатқан ендігі сыр басқа ма?
Бip басымның қуанышын, қайғысын,
Тынбай жүктеп, лүпілдеген байғұсым.
Сен ол жағын сезбейсің-ау миымдай,
Гәп Жерде ғой...
Жинап қойшы былайғысын...
Жердің әлі шелі де бар көзінде,
Не заманғы шepi де бар өзінде.
Аз-аздап ол арылса сол дертінен
Алыптан соң Алып туып кезінде.
Қалай менің қуанышым жаңармас?!
Алыптарсыз Жердің бағы жана алмас...
Келген сайын Миллиардтың қолында
Жер кеселін кeciп түсер жаңа алмас.
Салмақ салмай ақыл-ой мен қолға түк,
Алыпты Жер туа алған ба толғатып?..
Алып тумақ жаратылған артықша
Асыл жұртқа төрт маусымын қорғатып.
Нәр дымынан, жылудан да жарықтан,
Жері рақым сұрай-сұрай жалыққан.
Тараптарда қашан ғана шолақ қол
Тұрғындары туған жерін жарытқан?!
Гәп Жерде ғой,
қысыратпай бір күнін,
Алып eтіп туа білсе тұрғынын.
Беу, жүрегім, лүпілінің үстінен
Үстем қарап осындай бір тұр ғылым.
Егер әншi шырқай қалса біp әнін,
Шарықтатса ақын шабыт қыранын.
Асыл жұрттың, жаратылған артықша,
Аузындағы жыр етеді ұранын.
— Нанын барда әлің де бар,
әнің бар,
Нан елінің жұлдызы боп жаныңдар!
Жылда-жылда басталатын басқаша
Қуаныштың құдіретін таныңдар!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қайда жүрсің...

  • 0
  • 0

Қарағым-ay, қайда жүрсің таптырмай,
Бip жерде сен кәміл барсың тақсырдай.
Одан бәлкім айырмаң тек тым жассың,
Күл тағдырын құдай саған тапсырғай.

Толық

Ағайға

  • 0
  • 0

Аға бар деп атасынан именген
Мен басында саған сеніп үйге енгем...
Марқаюды, махаббаттың зар-мұңын,
Құдіретін де өз басыңнан үйренгем.

Толық

Сағыныш

  • 0
  • 0

Азығымдай қуат алған
Көңіл күйім — сағыныш,
Оралмасам қайтып саған,
Таппай қойдым бip тыныш.

Толық

Қарап көріңіз