Оралшы, көңілдің көктемі – Ақгүл Тұрсынбай

Бұл бетте «Оралшы, көңілдің көктемі» атты Ақгүл Тұрсынбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Оралшы, көңілдің көктемі

Қош келдің, көгілдір көктемім!
Сен келдің, табиғат гүлденді.
Алыстап қарт құда, өктем үн,
Тал-шыбық бусанып, бүрленді.
Кең далам төсіне төгілтіп,
Алқызыл гүл-моншақ таққанда,
Ақ мамық тәніне көсілтіп,
Көк майса көрпесін жапқанда
О, менің қадірлі Жер-Анам,
Бәріміз күйде едік көңілді.
Тек... оның көңілі неге алаң?
Көзінен неге жас төгілді?
Көктемнің нұрынан бір медет
Табардай жүрекке жаралы.
«Сүйгенім жанымда жүр ме?» деп
Бойжеткен алаңдай қарады.
Сүйгені серт етіп, сөз берген:
«Келесі көктемде келем» деп.
Ол жігіт неге енді өзгерген?
Бойжеткен күтіп жүр елеңдеп.
Қайғы ішіп, уайым жеп әрдайым,
Өксікке өртенген өзегі –
Қиналған арудың жағдайын
Жаңбырдай сірә, кім сезеді?
Мұңды аспан күрсініп жылады,
Жылады, кеудесі күркіреп.
Көк бұлттан тамшылар құлады,
Жауын боп тоқтаусыз сіркіреп.
Тамшылар әйнекке тырс етті.
Телміріп терезе алдында
Ару тұр,
Жүрегі дүрс етті.
«Сүйгенім келді» деп қалды ма?
Келмеді күттірген жігіті,
Бойжеткен өмірге өкпелі.
Өшпесін үкілі үміті,
Оралшы, көңілдің көктемі!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Оралшы, көңілдің көктемі өлеңінің авторы кім?

Ақгүл Тұрсынбай — осы өлеңнің авторы.

Оралшы, көңілдің көктемі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Оралшы, көңілдің көктемі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақгүл Тұрсынбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Оралшы, көңілдің көктемі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар