Хакім Хамит Құтқожин хақында – Хамит Ерғалиев

Бұл бетте «Хакім Хамит Құтқожин хақында» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 830
Мен Хамиттан зиялы кісіктің
Ақ, көк, қызыл, сарғыш та түсін ұқтым.
Жаңбырдан соң көркейтіп көкжиекті
Кемпірқосақ осы деп түсініппін.
Сөйтсем, шөлге ciңipeтiн iciн бекем
Жасыны мен жаңбыры iшiндe екен.
Қыз мінезді қыран жоқ деп бiлyшi ем,
Tүciнiгiм бәлкім сол үшін де кем...
Teктi, терең Құткожин кеудесінде
Кек тұтанбай, от кешіп келгесін де,
Жат-жақынға ғибратын үлестірді, —
Жарақаттан тәубесін кем десін бе?!
Жаны шуақ жар сүйді ececiнe,
Ұрпақ уыз бал құйды кececiнe.
Осылай өткен өмipгe бұл фәнидің
Ертеңі не, кешіккен кешесі не?!
Нар мінездi парасат epгe cepiк,
Тежей білген ол өзін елге ceнiп.
Хамит хакім сөйтпесе, аруағының,
Аясына біз мұнша енбес едік.
Жә, сергілік, ақ нұрға жарытты күн
Сағыныштың жаңғағын жарып бүгін.
Шырқап бізгe мақшардан махаббатын,
Жаның жүргей жанатта, жарықтығым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Хакім Хамит Құтқожин хақында өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Хакім Хамит Құтқожин хақында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Хакім Хамит Құтқожин хақында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Хакім Хамит Құтқожин хақында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері