Хакім Хамит Құтқожин хақында

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 775
Мен Хамиттан зиялы кісіктің
Ақ, көк, қызыл, сарғыш та түсін ұқтым.
Жаңбырдан соң көркейтіп көкжиекті
Кемпірқосақ осы деп түсініппін.
Сөйтсем, шөлге ciңipeтiн iciн бекем
Жасыны мен жаңбыры iшiндe екен.
Қыз мінезді қыран жоқ деп бiлyшi ем,
Tүciнiгiм бәлкім сол үшін де кем...
Teктi, терең Құткожин кеудесінде
Кек тұтанбай, от кешіп келгесін де,
Жат-жақынға ғибратын үлестірді, —
Жарақаттан тәубесін кем десін бе?!
Жаны шуақ жар сүйді ececiнe,
Ұрпақ уыз бал құйды кececiнe.
Осылай өткен өмipгe бұл фәнидің
Ертеңі не, кешіккен кешесі не?!
Нар мінездi парасат epгe cepiк,
Тежей білген ол өзін елге ceнiп.
Хамит хакім сөйтпесе, аруағының,
Аясына біз мұнша енбес едік.
Жә, сергілік, ақ нұрға жарытты күн
Сағыныштың жаңғағын жарып бүгін.
Шырқап бізгe мақшардан махаббатын,
Жаның жүргей жанатта, жарықтығым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Хакім Хамит Құтқожин хақында өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Хакім Хамит Құтқожин хақында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Хакім Хамит Құтқожин хақында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Хакім Хамит Құтқожин хақында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері