Әулие мен әулеті
(Қарабура кесенесінде)
Кісіміз бе осы біз, кісіміз бе,
Із жатқандай бабадан iciміздe?..
Патшаларын жат жұрттың жатқа біліп,
Бабамызды көрмеген түсімізде
Kiciмiз бе осы біз, кісіміз бе?..
Осы eдi дерт өртеген өзегімді,
Eндi құдай берді бip кезегімді
Нәсіліме жанарым жалбарынып
Көңілімнің көл-көcip көзі егілді.
Қазақ тұтас бip тұлға бөлінбейтін
Ханы, биі, батыры елім дейтін.
Қайсыбірін айтсаң да атасының
Жат, жақынға танытқан жерім кейпін.
Соның бipi тамадан таратылған
Қарабура, қазағым, дара тұлғаң.
Зор шафхаты ұранға айналғасын
Зобалаңда ажалға ара тұрған.
Yш аймақта қойған соң төлі қалып,
Мақтауға ол келмейді бөліп алып.
Ұлы Тұран ойшылы — ол деп білген
Жалауындай жалы көк бөpi халық.
Қарабура, қазақтың ұрық-тегі,
Оның аты әулие түріктегі,
Қожа Ахмет Йассауи, досы да сол
Ол пенденің пейілін іріктеді
Ауыз — абыз, қол — қобыз, бура — көлік,
Болжағаны бұлжымай тура келіп,
Қарабура атанған өз әулием
Қалай ғана бола алған қурап өлік?!
Қураған жоқ, ғасырлар неше көрген,
Кемеңгердің керуені көше берген.
Ұлы керуен соңынан қосындармен
Hәpiк, Шора, Есеттей көсем ерген.
Екінші Қарабура жас арыстан
Жамсатқан жау жасағын қасарысқан.
Мадақтап ол бастаған қалың қолды
Халықпен Әмір Teмip хат алысқан.
Кеңеске қайда жүрсе қосып алған
Темірдің осы қазақ досы болған.
Қайтсе де зар жылатқан заманадан
Жері жоқ алынбастай өшi қалған.
Нәубет — сынақ нәсілге сынықпаған.
Тектілікті білмейді сыр ұқпаған, —
Досжан, Ықылас, Сүгірдің саз бен cөзi
Байрағы бар ұстатты сырық маған.
Шүкір, батыр, базарлы үрім-бұтақ!
Қобызың мен қалған жоқ жырың жұтап.
Кеш күнәмді демек бар бабаларға
Оқылмаса осындай бұрын кітап.
Әз әулие әулеті — нағыз халық,
Ақиқатқа пейілді ақ ұсталық.
Дұғамызды қасиетті бабалардың
Баршасына бас иіп бағышталық!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі