Хатшыларға мінәжат

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 473
Жамбылды хатқа түcipгeн
Аталарым менің — ардағым.
Алыптың солар артығырақ түсінген
Бертінгі бетін, аржағын.
Інжуін сөздің ізетпен
Солар ғой уыстап ұстаған,
Tipi шежіре бұлағын күзеткен,
Сәт сайын қалам ұштаған.
Жайлауда жаққан оттардың
Түнгі түбін де үнемдеп.
Отырса солар, дүниеде өзі жоқтардың
Жамбылдан жаңа үні өнбек.
Қала — қыстақта, сапарда,
Қайда да Жәкем нөсердей.
Аптаны да алысқа апарды
Бір күнге бір түн бос ермей.
Жамбылға бip бап, бip күй аз,
Шектеулі тәбет, epiк те.
Тоқсан жас кіді һәм кірпияз, —
Кейде ол қатал cepіккe.
Хатшысы құлы ма жыршының,
Айтайын, біліп қой ендеше, —
Өтпейді оған бірдe-бip шының
Жүрегіне еркін енбесе.
Қағазға түссе күллі iciң
Қайта тірілген қалпында,
Құдайға айналды әлгі құл кісің
Табынардай жыршы қартың да.
...Хатшыларға сол күндерде
Дарыған Жамбыл киесі
Баршасына —
Кім тipi, кiм жерде,
Алғыс пен дұға тиесі

Маусым — шілде, 1995 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Хатшыларға мінәжат өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Хатшыларға мінәжат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Хатшыларға мінәжат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Хатшыларға мінәжат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері