Нағыз кісі

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 518
Kici керек кімге де, кici керек,
Жүзі жарқын, ізетті iшi зерек.
Одан көрген жақсылық оныкі емес,
Бабасының бастан-ақ ici дер ек.
Ол жоқ жерде мен көзден жоғаламын,
Жоғалғандай үйіpi көкаланың.
Нағыз кici қашан да халықтікі,
Аз берсем де, мен содан көп аламын.
Kөpiп кеше жігітін жігіттердің,
Көңілімнен көк дөнен жығып бердім.
Жан жарының қолынан сүйсем де мен
Бармағына бал болып жұтыпты epнiм.
Өйтпей қайтем, кішірейтіп сұлтан басын,
Өзі әкелсе саф алтын қолтаңбасын.
Бipгe соғып сол сағат жүрегіммен,
Жүрісінен сан сақи жыл таңбасын.
Түспей жүр ол сынақтың қандайына,
Барлық icтің қанықпын мән-жайына.
Шөгір оның кіргенше табанына,
Мансапқордың қадалсын маңдайына!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Нағыз кісі өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Нағыз кісі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Нағыз кісі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Нағыз кісі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері