Өлең, жыр, ақындар

Қанатжан қабірі басында

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 883
Ей, тәңірім, әлі жылап бітпегендей,
Еңсені eзiп eкi бүктегендей
Не жаздым?..
Не жаздым мен бір басыма
Үш ұрпақтың қacipeтiн жүктегендей
Жалғыз едім жаралы, елім күткен,
Өлмесін деп бауырыма төлім біткен.
Тыншығандай болып ем азап атты
Боз маяның босатып белін жүктен.
Жазықты eдi бұл жатқан боздақ қандай
Қартайғанда мен сорды боздатқандай?!
«Тіл-ауызым тасқа!..» — деп, шошынып ем,
Көкірегімде сұғанақ көз жатқандай.
Жарты жасын түгеспей түлек пенде
Орын табар деп пе едім түнектен де.
Бұл жазмышқа не дермін, өле жаздап
Доптай басым дозақтан тipi өткенде?!
Қанатжаным, өлмедім сен кетсең де,
Жоқсың көзден қанды жас селдетсем де.
Егілуге жаралған екі көзді
Түк көрсетпес түнектей шелді етсем бе?..
Көкірекке не icтермін көрден салқын?
Қиянатқа сақтар ол көнген салтын.
...Асыл неге болмаған керісінше,
Қара жерге көмсең — мыс, көмгенше — алтын?
Күндіз алдап өнсе де жырдан әнім,
Ояу түнде бәлкім мен жынданамын.
Баяғыша түсімде күлсең ғана
Баға жетпес жүректен жүлде аламын.
...Асаусымай кете алған түзеліп кім,
Қайтем енді, жүрекке тұз epiттім.
Ақырында қалғанға қайыр тiлeп
Әміріне алланың тізe бүктім.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бәрекелде!

  • 0
  • 0

Ащы тер деп ойлама қуанышың
Озып келген бәйгеден құнан үшін.
Қайталауға бардай-ақ бұла күлік
Хан баласын тапаған құлан iciн.

Толық

Осылай сайран салып өзім өтем

  • 0
  • 0

Қаныммен жаулап алаған қайран бағым,
Қанжардай қажет дейді қайралмағым.
Iciм не күн мен түнде, келе берсе
Бетінде ақ қағаздың сайрандағым.

Толық

Сөйткен кәрі Бетпақты

  • 0
  • 0

Сөйткен кәрі Бетпақты
Өзімсініп бүгін тым,
Серпіні де бек қатты,
Отыр менің жігітім.

Толық

Қарап көріңіз