Тобағабыл баласы Төлепберген

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 943
Болмысы Төлепберген түсінікті:
Екi ұдай қасы, досы iciн ұқты.
Бipeyгe жаны таза, тiлi тіктеу,
Бipeyгe тілінен де тici мықты.
Қас, досы тигізген соң тең ceптігін,
Құптаған құдай да сол тентектігін.
Алпыста ол мінезбен ойнап болған,
Бip бетті бітімін біл, сен тек бүгін.
Қос соған көркем, шебер хаттағысын,
Сайратқан бұл да бағбан бақта құсын.
Мойнына ақ алтыннан алқа тағып,
Қайтерсің сұлулықты баптағышын?!
Жөндегіш өкініші ағаттығын,
Төлептен Төкең болған сағатты ұғын.
Егделік — мама ағаш-дүр, ажырамас
Ноқталы сары азбаннан сағақ бүгін...
Жігіттік ауысқанда аталыққа,
Ер ұтқан үлкен адам аталып та.
Mүсіркеп қарар кезің келді, Төке,
Топтағы тоны тозық, аты арыққа.
...Heciбe бұйырғасын немереден
Қорықсын төрде Төкең неменеден.
Оның да сыбағасы — махаббаттан,
Алғаны — алғыс, құрмет ел енеден.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тобағабыл баласы Төлепберген өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Тобағабыл баласы Төлепберген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Тобағабыл баласы Төлепберген өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тобағабыл баласы Төлепберген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері