Сұраққа жауап

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 739
Абайға, Махамбетке, Сүйінбайға
Дей берме сыйың қайда, сыйың қайда.
Солар ғой ақын-ақын болмақ деген
Асығыс бізгe бекер сыйынбай да.
Иншалла, ешбіріне жалынбай-ақ,
Келіп жүр күнде солар жанымды аяп.
Олардың айтатыны: «Өзіңше бол,
Боз атты көк қылмайсың жалын бояп».
Мен емес, олар маған шапан жапты,
Үйретті қолғa есеп-шот алмақты.
Олар да айыптайды алдамшы бақ
Асатқан арам астан шаталмақты.
Оларша шабыттың шын қамбасына
Түскенің тең таратпа жан басына.
Ноқайлар есебінен молырақ бөл
Жыр сүйгіш жақсы оқырман жалғасына.
Сыйды айтпай байыз таппас cipә басым,
Берейін саған жауап сұрағасын:
Аталар әмірімен бізді қолдан
Солардың жеп те жүрсің сыбағасын.
...Әзілі жарасқанда атасымен
Демеген ешкім сөзден шатасып ем.
Өзіне жетпесең де ұлылықтың
Ойнауға жолда жатқан жотасы кең.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сұраққа жауап өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Сұраққа жауап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Сұраққа жауап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сұраққа жауап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері