Байлар хақында айтқан өлеңі

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 01.12.2015
  • 0
  • 0
  • 8097
...Қайыры жоқ байлардан,
Ел қонбаған шөл артық.
Жапанды суы суалып,
Бақа сорған көл артық.
Жебеп, желеп жүретін,
Жұма сайын келетін
Иманы бар өлі артық.
Аман болса от бітер ,
Ел жайлаған жер артық .
Жолың түссе жоқтарсын
Көлеңкелі жер артық.
Мұндай байдын жиһанда
Барлығыннан жоғы артық.
Малын берсе өсімге
Шарғыдан артық кесімге.
Шафағаты болмаса,
Жетім менен жесірге.
Оны ешбір бай деме,
Таудан үлкен кесір де.
Қонақ келсе кет десе,
Жалған сөзін ептесе,
Бай мен биді құрметтеп,
Пақырға көңлі жетпесе.
Сол секілді байларды
Күнәлі болмайсын ит десе.
Сахилық деген теректі,
Ол теректің бұтағы
Ұжмақта болса керекті.
Бұтағынан тұтқан құл
Ұжмаққа бармақ себепті.
Сахилық деген тәуірді,
Қолдан келмек ауырды.
Бахилдық деген тар орын
Бенделерде жіберді
Тар лахатқа кіргенде
Раушан қылмас қабырды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Байлар хақында айтқан өлеңі өлеңінің авторы кім?

Әбубәкір Кердері — осы өлеңнің авторы.

Байлар хақында айтқан өлеңі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Байлар хақында айтқан өлеңі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбубәкір Кердері өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Байлар хақында айтқан өлеңі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері