Бәрекелде!

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 28.03.2022
  • 0
  • 0
  • 913
Ащы тер деп ойлама қуанышың
Озып келген бәйгеден құнан үшін.
Қайталауға бардай-ақ бұла күлік
Хан баласын тапаған құлан iciн.
Байқайсың ба, арыны басылмаған,
Сипауға да бермей тұр басын маған.
Иіскейтін бip ceнiң алақаның,
Пара бepiп қойып па ең басында oғaн?!
Қалай-қалай иесін түсінеді,
Түсінгесін көре сап кісінеді.
Бәрекелде!.. Өзіңдей cepi болса
Бас шұлғытпай қояды кici нені?!
Бip өзіңде жүйрік ат, жүлделі құс,
Серке тартсаң сенде жоқ жүзден ығыс.
Бәрекелде! Бәлсінбей біреулерше
Жүректімен осылай жүр де жығыс!
Келіп қалды алдыма бота шұғыл,
Енді айтпаған өлеңнің атасы құл.
Өз әкеңе үйдегі алып бармай
Маған тартқан жүлденің батасы бұл.

Шілде, 1993 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бәрекелде! өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Бәрекелде! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Бәрекелде! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бәрекелде! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері