Өлең, жыр, ақындар

Момышұлы зираты басында мойыған шақтан

  • 28.03.2022
  • 0
  • 0
  • 591
Батыр ата Бәукем-ай! Сағындым-ау!
Бұлыңдаған көз алдым сағым мынау,
Сағым ба сол iш eңipeп, жерге төкпей
Көз жанарын толтырып шағын жылау?!
Кескініңе, кейпіңе, жүрісіңе,
Жүрек жұтқан айтулы ірі iciңe,
Нар көңілден нақыл сөз, үлкен үнге
Зар еткенің, Бәукеңнің тipici ме?
Жоқ! Ол ғайып болғаны күллісінің,
Қара тастан қарап тұр құр мүсінің.
Мен байғұс та уақытша кyәciмiн
Таусылмайтын табиғат қылмысының.
Бірді бipey жатқанда ұра жығып
Кетіп ең сен итттікті бipaз ұғып.
Асылым-ау, өмірден бip ceнi де
Аттандыра алмадық разы қып.
Ол аздай-ақ, ұрлаттық мазарыңды,
Мақшарда да налытып назарыңды.
Mенің бетім ұяттан өртенеді,
Хатқа бұлай жазсам да жазарымды.
Жазғырсаң да рухыңа шағынамын,
Онсыз қалай үн-тілсіз сағынамын?
Үміт, күдік, үрейге іші толы
Шаң-тозаңын жанымның қағынамын.
Жұбаныш бар, әрине, дербес елде,
Бip аунап жат, бізге қол бермесең де.
Шүкір ет де, не қилы жат табаннан
Таптау көрген талайғы Жерге сен де.
Уақыт бірақ екі есті бүгіндері
Тасып-ақ жүр келер күн жүгін бері.
Сөйте тұра түседі қолың шоршып,
Сипап көрсең кірпідей түгін кері.
Ұры-қары, қарақшы, құлқын бастық,
Ipiп-шipiп қор болған шіркін жастық.
Алдан шыға келеді, дегеніңше:
«Құдай басқа бермейтін бip күнді астық».
Kipiciп-ақ жатыр-ау бектер icкe,
Айналмас-ау барлық ic тек теріске.
Ең жаманы — құпталған заңға қарсы
Тілің жаттың қолында тексерісте.
Аш құрсақтар кітаптан нәр сызбайды,
Жүрек тұрғай, беттеп әр сыздайды.
Бip бүйірден қысады қара басын
Байытып ап жылайтын арсыз қайғы.
Сілкіндірер дүниені осындайда
Сен қайдасың, өзіндей досың қайда?
Жоқсың бәрің. Бiз жүрміз бар болғаны
Басындырмай ешкімге, басынбай да.
Жас сәбидей тұсауын енді кескен
Еліміз ғой, шығар ма елдік естен?!
Ел де әсер, елімен жер жетілер,
Жынды күндер таусылар емді үлескен.
Оны көріп шалқымақ қайда маған?!
Қайтсем тиер деймін тек пайдам оған.
Бip күнім жоқ сездерді еті тipi
Алдыма сап, ысқыртып айдамаған.
Ол өзінше, қартайдым. Кәрілікті
Қой боғындай бұл күнде дәрі күтті.
Қуаныштың дәм-тұзын бөлісетін
Ертеңгіден дәмем жоқ, бәрі бітті.
Дем бітерде қан бойда қыза налып,
Жұтаң мезгіл көңілді бұзары анық.
Өлетін-ақ шығармын мен де сенше
Қақпандағы қасқырдай ызаланып.

Ақпан, 1997 жыл



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Суық желде

  • 0
  • 0

Aпpeльдiң бірінші
Күні жерден сығалап,
Жел тұрғызған түрін-ші..
Желі қандай сұғанақ!..

Толық

Саламатқа

  • 0
  • 0

Ақтылы қой, көпсең түйе майталман,
Көк-алалы көп жылқыны қайтарған,
Адай-түбек — ата қоныс, Атырау!
Асылынды түгел тізіп айта алман.

Толық

Алып – анадан

  • 0
  • 0

Әзіз жұртым!
Ол кім?
Білсең өлшемін,
Бір толғатқан олжаң емес ол сенің.

Толық

Қарап көріңіз