Көш
Бұл бетте «Көш» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көш келеді,
Қорқыт бабам қобызы,
Аңызақжел,
құмдар көмген жоқ ізі.
Ежелгі елім,
Түркі еліменен тараған,
Орта Азия,
түп негізі — оғызы!
Айы туып,
жұлдыз жанып түнінде,
Ғасыр сөйлеп
Түркі елінің тілінде,
Тәуелсіздік,
аңсағаны —
Бостандық
Керуен көшім
келе жатыр бүгінге.
Көш келеді
Білге қаған,
Күлтегін,
Ата-бабам,
ұмытады кім тегін?
Көк пен Жердің
арасынан
Көш жолықты,
Ұлы Абайдың әнімен.
Ояндың да,
жинап жиып
есіңді,
Астана еттің
толқын-толқын
Есілді.
Тәуелсіздік туын көкке көтерген,
Қарсы ал, халқым,
мынау ұлы
көшіңді.
Өтті уақыт жүрегімді жаралап
Өзен-дариям,
толқып елді аралап
Тәуелсіздік,
Бостандығым,
Ертеңім,
Ел-халқымның
ұл-қызына
Аманат.
жаралған
Үміт-сәуле,
жанған оты
білтенің.
Көш келеді
Асан-кайғы зарымен Жер айналып,
Алтын-—орда бәрімен, Көш жолықгы,
Махамбетгің жырымен.
Тым ұзақ екен ә?
Біздің Аралдың ақынығо өте керемет