Өлең, жыр, ақындар

Арпалыс толқын алысқан

  • 30.03.2022
  • 0
  • 0
  • 765
Арпалыс толқын алысқан,
Құдірет күш ғарыштан.
Әр күнім менің Мүшайра,
Уақыт жүйрік жарысқан.
Жарысқан күнім жай деме,
Жарысып жүзген ай неге!...
Әр күнім менің Мүшайра,
Қосылған жүрек бәйгеге.
Теңіздей ойға батырар,
Толқыны да көкке атылар.
Әр күнім менің Мүшайра,
Озатын кейде сәті бар.
Арқалы намыс қозады,
Айға да қолын созады
Әр күнім менің Мүшайра,
Арпалыс-жарыс додалы.
Жүйрік уақыт қарайма
Озады бір күн қалайда.
Әр күнім менің Мүшайра,
Жеткізген мені жаңа айға!
Жарылқап нұрын төккізген
Жалын кешіп отты ізбен.
Әр күнім менің Мүшайра,
Жаңа жыл саған жеткізген.
Тұлпарын тізгін тұсай ма,
Күндерім күнге ұқсай ма.
Көзін де көрдім қос ғасыр,
Әр күнім менің Мүшайра!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Суықтау екен түнгі ызғар

  • 0
  • 0

Суықтау екен түнгі ызғар
Қалтырап тоңған жұлдыздар.
Көктем мен жазда ерімес,
Кеудемде менің мұң мұз бар.

Толық

Гете — Лермонтов — Абай

  • 0
  • 0

Өлең болып өркеш-өркеш шыңдары,
Танытам деп таудай биік тұлғаны.
Ақын Гете осы жырды, әйтеуір,
Өз халқының жүрегімен жырлады.

Толық

Еркелейін, елім, саған

  • 0
  • 0

Өлең — өмір сазы ма, өкпелі ме?
Жыл өтіпті жыр жазбай кеткеніме.
Кінәлы қайран жастық дерттері ме?
Кінәлы жайсаң жастық көктемі ме?

Толық

Қарап көріңіз