Өлең, жыр, ақындар

Мойнына желпіп жібек самал — бала

  • 30.03.2022
  • 0
  • 0
  • 603
Мойнына желпіп жібек самал — бала,
Бауырына басып өскен бабам — дала.
Ең ұлы өсімдігі Жер ананың –
Тамырын бөлек алған Адам ғана!
Айналдырсаң өзіңді қол жаулыққа
Өзіңе-өзің дұшпансың ол-жаулық та.
Адамға дару еткен әдемілік
Әуелі әдемілік — денсаулық та!
Сақтансаң — сақтармын дер Тәңір — Құдай,
Гүлденіп тұра бермес өмір бұлай.
Деніңнің саулығына назар аудар
Қажетін өтей бермей — көңілге ұдай!
Өмірдің де шырқайтын әні өтеді,
Саулығың дүниені — сәні етеді.
Қимыл мен қозғалыста — ұзақ ғұмыр,
Ұзақ-ғұмыр ақыл-ой дәнекері.
Беталды, дертің қашар, Құдай ұрған,
Ақ жарқын адал көңіл шырайыңнан.
Аурудан құтыласың құтыла алсаң,
Тұмандай үрей, мұңың, уайымнан!
Күтесің — таң атуын, күн батуын,
Сырқасаң — керек емес гүл — жақұтың.
Талай шақ төсек тартып, қайта тұрып,
Аурудан оралған күн — бір бақытың!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қыс

  • 0
  • 0

Аппақ тонын жамылған,
Ақсақалды қыс келді...
Аппақ қарға малынған,
Ақ боранды түс көрді.

Толық

Жаса, қазақ, жаса

  • 0
  • 0

Жаса, қазақ, жаса,
Ұрпақ үшін жаса!
Жаса, қазақ, жаса,
Жұртың үшін жаса!

Толық

Көкте күні шуақты

  • 0
  • 0

Көкте күні шуақты,
Бәйтерегі қуатты.
Туған жерге Қазақ пен
Талдар ғана тұрақты!

Толық

Қарап көріңіз