Көкте күні шуақты – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Көкте күні шуақты» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 630
Көкте күні шуақты,
Бәйтерегі қуатты.
Туған жерге Қазақ пен
Талдар ғана тұрақты!
Туған жерді құт біліп,
Ел екенін ұқтырып,
Туған жерге Қазақ пен
Тұрып қалған әрбір тал
Тағдырындай тік тұрып!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері