Шежіре теңіз, дала тау құмында
Бұл бетте «Шежіре теңіз, дала тау құмында» атты Шөмішбай Сариев жазған табиғат туралы өлең берілген.
Шежіре теңіз, дала тау құмында
Тарих бар қарт әженің жаулығында.
Өмірде көргеніңнің бәрі қызық,
Санаң мен сезіміңнің саулығында.
Теңіздің лағыл-маржан табанында
Сағыныш есер көктем самалында.
Өмірде көргеніңнің бәрі қызық,
Айнала туыс-жекжат аманында.
Тағдырым осы жерде шегеленген
Жалпақ ел орманыммен көгерем мен.
Өмірде көргеніңнің бәрі қызық,
Ұрпағың жалғасса егер немереңмен.
Өзендер таудан аққан мұрсат алып,
Кей жұлдыз бір жарқ етіп, бір сәт ағып.
Өмірде көргеніңнің бәрі қызық
Күн аман, Ай орнында тұрса жанып...
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі