Ұлы жол

Бұл бетте «Ұлы жол» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.03.2022
  • 0
  • 0
  • 833
Көл бетінен көрдім өзім бейнемді,
Осы өзім бе деген іштей ой келді.
Өз-өзіме сапар кешіп, жол тартып,
Бастап кеттім бір ғажайып сөйлемді.
Кемшілікті қалай қайтып кеше алам,
Жан емеспін ақыл-ойсыз есалаң.
Өз ішіңе бойлау деген ғажайып,
Өзін-өзі білмейді екен еш адам!
Жұмбақты ашу мүмкін емес бір күнде,
Құпиялы қуанышың, күлкің де.
Адам өзі тұңғиық бір құпия,
Өзінді-өзің зерттеп шығу мүмкін бе?!
Өз әуенін өзі іштей тыңдатты-ау,
Бейнем өзі су бетінде тіл қатты-ау.
Өз көзіме-көзім анықжете ме,
Өз жүрегім өзіме де жұмбақтау.
Өмір білер озар бір күн, озбасын,
Сезім билеп, жан жүйкеңді қозғасын.
Маған жұмбақ дүрсілі де жүректің
Маған жұмбақ ой ойлаған өз басым.
Дүниені танып білдім сенен көз,
Жетсе-дағы бойды билеп кемел кез.
Ұлы өмірді тануменен тең болар,
Өз-өзіңді танып білу деген сөз.
Зертте өзіңді, оқы мәңгі бас алма,
Зерттемесең, құпиясын ашар ма?!
Өз-өзіңді білу деген ұлы жол,
Ұлы жолдар
Жеткізбейді қашанда!!!

наурыз 1998 жыл
Ақмола шаһары


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұлы жол өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Ұлы жол өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұлы жол өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұлы жол өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері