Тәуелсіздік

Бұл бетте «Тәуелсіздік» атты Шөмішбай Сариев жазған тәуелсіздік туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 31.03.2022
  • 0
  • 0
  • 2934
Жатырмыз біз жаңа есті сенсең жиып,
Тағдыр басын туған ел теңселді иіп.
Тәуелсіздік — сен неткен абзал едің,
Алатаудай бұл күні еңсем биік.
Саған жеттік біз аңсап ел-көшіммен,
Бұл ғажап құбылыс ерді өсірген.
Тәуелсіздік — сен неткен абзал едің,
Даламыздай көңілім кең көсілген.
Тәуелсіздік сен балдай тәтті екенсің,
Тәуелсіздік құз-жартас — қатты екенсің.
Біз іздеген жерұйық сен екен ғой,
Жұмағымдай жаныма — бақ мекенсің.
Боларсың ба, жұртыма, соншама асыл,
Боларсың ба, ұлтыма, соншама асыл.
Тәуелсіздік — мен саған қарайладым,
Қаншама күн, қанша жыл, қанша ғасыр.
Сай-сүйегім сырқырап елге жетті,
Төріме өрлеп жат-жұрттар серуен етті.
Қазақ-бабам қамығып көз алдынан,
Тарихтың тәуелділік керуені өтті.
Етек-жеңім көз бен жас, толар мұңға,
Құлдық-ғұмыр сан ғасыр жеңе алдым ба?
Тәуелсіздік — сен неткен абзал едің,
Садағаң боп кетейін мен алдыңда!
Бодандыққа халқым бар шыдап көнген,
Тағдырдан да, Тәңірден де сұрап көрген.
Тәуелсіздік — қымбатым баға жетпес,
Ғұмырымда өмірге бір-ақ келген!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тәуелсіздік өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Тәуелсіздік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тәуелсіздік өлеңі не туралы?

Бұл шығарма тәуелсіздік туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Тәуелсіздік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері