Шуағымды жандарға төксем деймін –
Шөмішбай Сариев
Бұл бетте «Шуағымды жандарға төксем деймін» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шуағымды жандарға төксем деймін,
Тамыр жаяр дәнімді ексем деймін.
Жапырағым жайқалар бәйтеректей,
Сол жасқа, Сол бір жасқа жетсем деймін.
Шартарап, Елді кезіп кетсем деймін,
Жел болып, Жер жаһанды өпсем деймін.
Адасар жұмбағы көп құпиялы
Сол жасқа, Сол бір жасқа жетсем деймін.
Өмірде армандаумен өтсем деймін,
Ғасырлық жүкті арқаға жексем деймін.
Бір Аллам, өзі қолдап, демеп мені,
Сол жасқа, Сол бір жасқа жетсем деймін.
Көзіме оттай ыстық, қымбат ғалам,
Жатқандай тылсым дүние, тыңдап далам.
Сол бір жас,Бір мен үшін құпиялы,
Сол бір жас, Бір мен үшін жұмбақ маған!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі