Өлең, жыр, ақындар

Таң намазы

  • 31.03.2022
  • 0
  • 0
  • 1354
Бұл Толгау-жырды Асылбекұлы Амантай Қажыға арнадым

Оқыдым мен беріліп Таң намазын,
Сезіндім дүниеде жан ғажабын,
Ғаламдық ғұламасы – МҰСЫЛМАННЫҢ,
Дініне ұйыңыздар, ал, ҚАЗАҒЫМ!
Бас иіп ұйыңыздар и қандырып,
Келешек ұрпағыңа сый қалдырып.
Елімді алып шығар бір-ақжол бар,
Ол жолдың, тура жолы – ИМАНДЫЛЫҚ!
Намазға өзің үшін жығылғаның,
Байқамай өтіппіз ғой бұрын бәрін.
Алдама өзіңді-өзің әрбір Қазақ,
Халқым ғой бір-біріңе сырың мәлім.
Бақытқа жалғыз емес бір жетейік,
Туған жер топырағын гүлдетейік.
Өтпелі мынау осы дәуірлерде,
Біртіндеп жүрекпенен Дінге өтейік.
Жер деген Адамзатқа бір үй екен,
БІР – ТӘҢІР, БІР – ҚҰДАЙЫМ, ҰЛЫ ИЕ екен.
ДІН – ҒЫЛЫМ, ДІН – ДАРИЯ, ДІН – ТЕҢІЗІМ,
Тұңғиықтерең иірім дүние екен.
Бәріміз мұсылман боп жолығайық,
Пенденің қас-қағымда жолы ғайып.
Сол жұмбақ Құдай берген дүниеге,
Ғұмырдың барында осы шомылайық.
Құдайдың берген бізге Бақыты аз ба?!
Қалайық бір ұмтылып Уақыт азда.
Беріліп ішімізден қосылайық,
ДІН деген лағыл-маржан, жақұт-сазға!
Басайық қанағаттың пернелерін,
Өмірде пенделікпен сермеп едім.
Абырой-атағымды желбіретіп,
Ешкімге намыс туын бермеп едім.
Жүрек пен құлақ барда естір әнді,
Тағдырдың дауыл желі есті мәңгі.
Болса егер ғұмырымда кемшілігім,
БІР ҚҰДАЙ өзің ғана кеш күнәмды!
Тауларға арқа сүйеп асыл биік,
Тыңдайды күллі әлемді ғасыр да ұйып.
ТӘҢІРІМ өзің қолдап ТАҢ НАМАЗЫН,
Оқыдым мен алдыңда басымды иіп!
Жан деген қасіреттің сезді азабын,
Басынан өткізгендей кез ғажабын.
ДІНІНЕ ҰЙИТҰҒЫН МҰСЫЛМАННЫҢ,
ҚАЗАҒЫМ, КЕЛДІ СЕНІҢ, ӨЗ ЗАМАНЫҢ!
Қазағым! Келді сенің өз Заманың,
Айта алмас сенен артық сөз ғажабын.
ҰЙЫДЫМ, МӘҢГІ ЕНДІ СЕРІК ЕТЕМ,
ҰЙЫТҚАН ЖҮРЕГІМДІТАҢ НАМАЗЫМ!

31 қазан 2003 жыл



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шөлдедім..

  • 0
  • 0

Шөлдеп жүрген мен бір жанмын,
Дала деген тағдырданмын.
Сан мұңайып, сан қуандым,
Мен бар жерге жаңбыр жаудың.

Толық

Парасат орденін омырауыма таққанда ойыма оралған өлеңім

  • 0
  • 0

Таулар бар көкке биік таласатын,
Шыңдар бар бір-біріне жарасатын,
Асылдай жердің жиып бар жиһазын,
Танытқан Елдің биік парасатын.

Толық

Мәриям Хакімжанова айтқан бір сыр

  • 0
  • 0

— Адамға арман бақ па екен?
Атақ, дәулет ат па екен?..
Бәрінен артық нан-тұздай,
Тіршілік дәмі тәтті екен,—

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар