Күзде құстар тастап ұшар ұясын
Бұл бетте «Күзде құстар тастап ұшар ұясын» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кезем десең дүние неткен кең еді,
Теңіздерден көрем жүзген кемені.
Тұрақтамай көкте бұлттар жөңкілген,
Тұрақтамай жел де сапар шегеді.
Кеудеңе осы қалай, қайтіп сиясың?
Күзде құстар тастап ұшар ұясын;
Таулар ғана туған жерге тұрақты,
Қыран ғана қия алмайды қиясын.
Топырақтан тартып жатқан қуатты,
Еңсесімен күннен тартып шуақты,
Тамыр жайған жерде өлетін тік тұрып,
Туған жерде талдар ғана тұрақты.
Ата мекен ай мен күнін айналған,
Қасиетті – жиған дала қайнардан.
Тал мен Таудай Қазақ біздің тұрақты –
Туған жерге кіндік жіппен байланған...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі