Бұл бетте «Балдәурен» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
01.04.2022
0
0
1915
1966-1974
Жайсам деймін мол өркен,
Гүлдей арай жүрегім.
Озбау үшін көлеңкем.
Күнге қарай жүремін!
* * *
Қиял шексіз дөңгелек,
Жер ме деп те қаламын.
Арман оты мол бөлеп,
Өрмелеп те барамын.
Жүректе атып құба таң,
Бір қияны көз ілген.
Тау шыңына құлатам
Көлеңкемнің өзін мен.
Жайсам деймін мол өркен –
Гүлдей арай жүрегім.
Озбау үшін көлеңкем,
Күнге қарай жүремін...
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі