Әуенінде – қысқа әннің – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Әуенінде – қысқа әннің» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.04.2022
  • 0
  • 0
  • 845
Әуенінде – қысқа әннің,
шабысында – бір аттың
Қанатында – құстардың, ағысында – бұлақтың
Қайран жаз кетіп барады.
Тұлпардай зулап жол қылып,
бола алмай көктем сағымдай,
Бақыттың құсын қондырып, оралмай кеткен
шағымдай,
Қайран жаз кетіп барады.
Досқа айтпай кеткем бар сырды, тұңғиық ойға
батырмай,
Қоштаспай кеткен арманды алғашқы
махаббатымдай
Қайран жаз кетіп барады.
Жанардан тамған шықтардай, шықты арман
намыс қамшылай.
Дауылмен көшкен бұлттардай, бұлттардан
тамған тамшыдай
Қайран жаз кетіп барады.
Көктеп кеткен бүршіктей, оралмас бала
шағымдай,
Анамдай әсем шуақты,
кездесер болашағымдай,
Қайран жаз кетіп барады.
Қайран жаз кетіп барады...
Ораларсың-ау, қайран жаз,
тағы да келер қаздарың,
Оралар ма екен бірақ та
Өмірім – гүлді жаздарым.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері