Сыңсып қайың тіл қатпаған

Бұл бетте «Сыңсып қайың тіл қатпаған» атты Шөмішбай Сариев жазған тіл туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 01.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1358
Сыңсып қайың тіл қатпаған
Шақта кешкі, күн батпаған.
Бақта бір қыз жылап отыр,
Неге екені жұмбақ маған.
Біле алмадым: намысты ма,
Көзден ыстық бақ ұшты ма?
Оралмайтын қайран бақыт
Осы бақта табысты ма?
Сенемін деп алданды ма?
Алдандым деп арланды ма?
Жапа-жалғыз жылайды өксіп,
Қайран жүрек арманды ма?
Жылап дерттен айықты ма?
Ұқсайды өзі байыптыға.
Кінәлі ме біреу оған,
Бәлкім, өзі айыпты ма?
Сыңсып қайың тіл қатпаған
Шақта кешкі, күң батпаған,
Бақта бір қыз жылап отыр,
Неге екені жұмбақ маған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сыңсып қайың тіл қатпаған өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Сыңсып қайың тіл қатпаған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сыңсып қайың тіл қатпаған өлеңі не туралы?

Бұл шығарма тіл туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Сыңсып қайың тіл қатпаған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері