Жақсылыққа жаны құмар жылы өңі – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Жақсылыққа жаны құмар жылы өңі» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1392
Жақсылыққа жаны құмар жылы өңі,
Шуақ тектес болғасын ба жүрегі,
Ауыл біткен қария деп құрметтеп,
Жүрегі оның дария деп жүреді.
Мойындамай қартайғанын шалмын деп,
Талай іске табан тіреп барды үндеп.
Қуанады аулаларды көгертсе,
Болашағы жатырғандай сан гүлдеп.
Жастық шақты жалын отқа арнап ек,
Тілемеймін керек емес жанға леп,
Демалғым да келмейді деп жүреді,
Көп ұйықтайтын уақытым алда деп.
Мектептегі бал-бөбектер мекені,
Сол ауладан шыға алмайды екі елі.
Ұрпақтардың болашағын ойлаумен,
Қуанады, қайғы ұмытып кетеді.
Жатады әр кез нұры тұнып ісінде,
Кілтсіз бірақ сыры —
құлып ішінде.
Балалықтың ауласынан шықпайды ол,
Қартайғанын ұмытуы үшін де.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері