Бұл бетте «Сыр айтам деп көңілге» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
01.04.2022
0
0
853
Сыр айтам деп көңілге.
балғын жастық тыныспен,
Бұл жырларым өмірге
жазып келген кіріспем
Балалықтан жаңа асқан –
жолдарымның жалғасы
Бүршік гүлін жаңа ашқан –
орманымның алғашы.
Қуаныштан көзімнің
тамып кеткен жасы бұл
Тамшылардан құралған
арманымның басы бұл.
Сол арманның толғағын
Алдарыңа ап келдім.
Өмірімнің жолдары –
жолдарында дәптердің
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі