Жанына батып сырқат қинағасын
Бұл бетте «Жанына батып сырқат қинағасын» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жанына батып сырқат қинағасын,
Ауырып төсек тартты сыйлы анашым.
Мұңайып иығыма салдым алғаш
Анамның су таситын инағашын.
Сауыға ма деп жүр ем, кешікті үміт,
Дәрігер сыр айтпайды есіттіріп.
Кірлеген жейделерді жуып жүрдім,
Ұялып көрші қыздан есікті іліп.
Күлмедім, ойнамадым қабақты ашып,
Ауыр ой, мұң мен намыс қабаттасып.
Бұл кеудем анамды ойлап ортаяды
Жүргенде қол күйдіріп, тамақ тасып.
Келетін сәл нәрсеге бірден өкпем,
Кешу анам, өзің мені іргелі еткен.
Ана жанын ұқпайтын балалығым.
Кезден тамған тамшымен бірге кеткен.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі