Дала жыры
Бұл бетте «Дала жыры» атты Шөмішбай Сариев жазған табиғат туралы өлең берілген.
-
admin
- 16.02.2024
- 0
- 0
- 1022
Жүрегіне қуаныш тола алар ма?
Бақыт құсы халқыма қона алар ма?
Әнмен таңын бабамыз қарсы алмаса,
Ән әлдилеп, даламыз ән салмаса.
Қайырмасы:
Қасіретті қайғы-мұңға қарамай,
Ән тербеген арман менің далам-ай,
Әншіл жүрек қайран менің бабам-ай.
Өркеш-өркеш өрелі құмдарымен,
Сағым-сағым сағыныш сырларымен,
Сапар шегіп жерімнің төсіменен
Көшіп-қонған елімнің көшіменен.
Қайырмасы.
Күмбір-күмбір ағатын бұлағымен,
Сылдыр-сылдыр қағатын құрағымен,
Мөлдір-мөлдір көкорай көлдерімен,
Шетсіз-шексіз меңіреу шөлдерімен.
Қайырмасы.
Бүгін әнін шырқайды қайта өмірім,
Даусы жеткен ғарышқа Байқоңырым,
Асқақ әнім, әлемге тарады үнім.
Бақыт жырын толғайды дала бүгін.
Қайырмасы.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі