Ғашықтар жыры
Бұл бетте «Ғашықтар жыры» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
1. Қасың қандай, қарақат көзің қандай,
Күлкің қандай, шарапат сезім қандай,
Қуанатын – балаша кезің қандай,
Өзің қандай жаныма сөзің балдай!
А...
Қайырмасы:
Көңілге жыр тұнады – сен дегенде,
Жүрекке сыр тұнады – сен дегенде.
Кеудеме бір ғажайып шаттық орнап,
Өмір де құлпырады – сен дегенде.
А...
2. Таңың қандай, жұлдызды бағың қандай,
Арың қандай, жібектей жаның қандай,
Өзің қандай, шуаққа малынғандай,
Сезім қандай, тәңір де табынғандай!
А...
Қайырмасы.
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі