Махаббат – мәңгі көктем

Бұл бетте «Махаббат – мәңгі көктем» атты Шөмішбай Сариев жазған махаббат туралы өлең берілген.

1. Аяулым, ардағым сен,
Асылым, арманым сен,
Көңілдің аспанында,
Аққудай самғадың сен!

Қайырмасы:
Мөлдір көзің,
Мөлдір сезім,
Нұрға тұнған таңдардай.
Мөлдір көзің,
Мөлдір сезім,
Сырға тұнған армандай.

2. Аяулым, тірегім сен,
Көңілдің гүлі едің сен.
Махаббат – мәңгі көктем,
Өмірім, жүрегім сен.

Қайырмасы.

3. Аяулым, сенімім сен,
Айнымас серігім сен,
Махаббат –мәңгі көктем,
Баянды өмірім сен.

Қайырмасы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері