Соңғы сөзі ағаның

Бұл бетте «Соңғы сөзі ағаның» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.04.2022
  • 0
  • 0
  • 843
Екі көзім – екі бұлт,
Төгіп жатыр нөсерлерін қайғымен;
Ауру деген жер-жүректің төсіне
Тіліп түскен білем.
Ажал атты кұрсаудың
Түрмесінде тұтқын болып жатырмын;
Өмірімнің тәттілігін сезбеуші ем,
Кейін ұққан пақырмын.
Жатсамдағы қиналып,
Кетсем деп те ойламаймын тез өліп.
Үміт шоғы – дәрігер,
Жаутаңдаймын екі ерінім, кезеріп.
Қоштастырып жер беті,
Алып бармақ қабіріне мені еркін;
Мен өмірге келіп-кетті дегенге
Бұл дүниеде сенер кім?
Күтем тағдыр бұйрығын,
Қам көңілді торлап алды барлық ой.
Гүл еріні алыстағы арманның
Бір сүйілмей қалды ғой.
Құм басатын іздердей,
Ұмытылып қаламын-ау күні ертең.
Құшағына оралады-ау өзгенің,
Мені ұмытып гүл еркем.
Өлсем, шебер қолында
Мен білемін табытымның дайынын.
Даналардың азасына жылап ем,
Жылата алмай кетіп барам-айыбым...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Соңғы сөзі ағаның өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Соңғы сөзі ағаның өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Соңғы сөзі ағаның өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Соңғы сөзі ағаның өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері